23
January
2023
Сабақты зерттеу тәсілінің ерекшелігі
Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде Тараз қаласы "Педагогикалық шеберлік орталығы" филиалының ұйымдастыруымен қаңтар айының 19-20 күндері "Сабақты зерттеу тәсілінің ерекшелігі" тақырыбында 5 академиялық сағаттық онлайн вебинар өткізілді. Вебинарда Lesson study топтарының жұмыс кезеңдері. Lesson study топтары қалай жұмыс жасауы керек? Зерттеу сұрағын құрастыру. Мәліметтерді жинау үдерісі туралы айтылды. Барлығы 28 педагог қатысты. Қатысқан педагогтардың барлығы сертификаттар алды.