21
October
2021
«Оқуға құштар мектеп»
2021 жылдың 21 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің инновациялық жолдары» тақырыбында (zoom бейнебайланыс режимінде) шеберлік сынып өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 201 педагог қатысты.
Іс-шара барысында Мойынқұм ауданы, Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің және Мыңарал орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары іс-тәжірибелері көрсетілді қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмектер берді, тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты.