18
февраль
2022
«Қазіргі замандағы құндылықтар»
2022 жылдың 18-ші ақпанында М. Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде
10 сынып білім алушыларымен «Қазіргі замандағы құндылықтар» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге Мойынқұм ауданының Құрметті азаматтары: Аудандық ардагерлер кенесінің төрағасы
Кодеков Жұманазар Жумабаевич, Аудандық қоғамдық кенесінің төрағасы
Исабеков Шахикерім Әміреқұлұлы қатысты. Білім алушыларға қаңтар
оқиғасының елімізге әкелген қайғы қасіреттері, мемлекетке шығыны,
жазықсыз қиылған адам өмірлері туралы ақпараттар берілді,
тәрбиелік маңызы мол әңгімелер айтылды.