09
December
2021
"Тәуелсіздіктің құрдастары бағындырған белес биік"
М. Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде 9 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсанында "Тәуелсіздіктің құрдастары бағындырған белес биік" атты Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өткізілді. Кездесуге Мойынқұм ауданының білім бөлімінің басшысы Ж. С. Жазықбаев, Мойынқұм ауданының сот төрағасы Б. Б. Абуев, Мойынқұм ауылының әкімі С. С. Аманов, 2009 жылы мектеп бітірген түлектер, мектеп-лицей әкімшілігі, 11 сыныптар білім алушылары қатысты. Келген қонақтар білім алушыларға еңбек жолы, жеке жаңалықтары туралы ой бөлісіп, оқушы кездегі қызық шақтарын айтып берді. Концерттік бағдарлама барысында мектеп білім алушылары мен жас мамандар өлең оқып, әсем ән шырқады. Аталмыш шараның ұйымдастырылуы ұрпақтар сабақтастығының байланысын көрсетеді.