24
февраль
2022
«Қазіргі замандағы құндылықтар»
2022 жылдың 24-ші ақпанында М. Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде
9 сынып білім алушыларымен «Қазіргі замандағы құндылықтар» тақырыбында
кездесу өткізілді. Кездесуге Мойынқұм ауданының "Мойынқұм су-жылу"
кәсіпорнының директоры Ақылбай Баялыұлы Баялиев қатысты.
Білім алушыларға қаңтар оқиғасының елімізге әкелген қайғы
қасіреттері, мемлекетке шығыны, жазықсыз қиылған адам өмірлері
туралы ақпараттар берілді, тәрбиелік маңызы мол әңгімелер айтылды.