29
январь
2020
2020 жылдың 20 қаңтары мен 30 қаңтары аралыңдағы "Қамқорлық" онкүндігі атты іс-шара
М. Жұмабаев атындағы мектеп - лицейінде дәстүрлі түрде өткізілетін республикалық «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып өткізілді.
Акцияға сәйкес іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді. Өткізіліп отырған әлеуметтік жоба барысында мектеп директоры Ж.А.Аширимбетова барлық мектеп ұжымын, қамқоршылық кеңестің мүшелерін акцияның өткізілу барысымен таныстырып өтті.Мектеп жанынан құрылған «Қамқоршылық және қорғаншылық» кеңестің басқаруымен 29 қаңтар күні «Адалдық алаңы» атты жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеге мектеп оқушылары белсенді қатысты. Әр сынып тәтті тағамдарын дайындап, жәрмеңкеде сатты.
Үлкен қызығушылықпен, жауапкершілікпен өткен жәрмеңкеден түскен қаражат аз қамтылған, тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға жұмсалды.