М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің жанында жазғы «Болашақ» атты сауықтыру лагерінің жүргізілген жұмысы туралы есебі
М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің жанында жазғы
«Болашақ» атты сауықтыру лагерінің жүргізілген жұмысы туралы
есебі
М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде 2019 жылдың 3- 27 маусым аралығында жаз айларында сауықтыру лагерінің қызметін үйлестіру мақсатында оқушылардың жазғы демалысын нығайту, бос уақыттарын тиімді пайдалану, сауықтыру мақсатында мектеп жанынан «Болашақ» сауықтыру лагері ашылды.
Мақсаты:«Болашақ» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа , адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.
Міндеттері:
- Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;
- Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;
Балалардыңойын алаңындағы ертеңгілікдене жаттығуларын, қимыл- қозғалыс ойындарын бақылауға алу;
- Саяхат кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;
- Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;
- Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;
- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
Мектеп жанынан ашылған «Болашақ» жазғы сауықтыру лагері берілген жоспар бойынша I, II ауысым бойынша жұмыс жүргізді. I-ауысым 01.06-13.06.,II –ауысым 17.06-27.07. аралығында өтті.
Жалпы демалатын оқушылар саны- 181. Оқушылардың демалуына топ тәрбиешілері, қосымша білім беру педагогы, үйірме жетекшілері тағайындалды.
Лагерь жұмысына жетекшілік жасауға төмендегі мұғалімдер бекітілді:
лагерь басшысы – директордың ТІЖО А.Ж.Оспанова, қосымша білім беру педагогы Э.Д.Құтжанова, І, ІІ ауысым бойынша тәрбиешілер –Нарымбетова Н.С.,Кәдірбек М.Қ.,Қораласбаева М.А, Букирова Д.М., ағылшын пәнінің үйірме жетекшілері- Аширимбетова А.Н., АлдибековаА.Х, футбол үйірмесінің жетекшісі - Сырымбетов Р.К.
«Болашақ» лагері төмендегі күн тәртібі бойынша жұмыс жүргізді:
№ | Жүргізілетін іс - шаралар | Уақыты |
1 | Оқушыларды қабылдау | 8.30 – 9.00 |
2 | Таңғы жаттығу | 9.00 – 9.15 |
3 | Ойын блогы: мәдени-ойын-сауық және білім беру дамыту шаралары | 9.15 – 10.30 |
4 | Сауықтыру: спорт, үйірме сағаттары | 10.30 – 11.15 |
5 | Көгілдір экран | 11.15 – 11.30 |
6 | Қимылды ойындар | 11.30 – 12.00 |
7 | Сурет салу, ән айту, жабыстыру істерімен айналысу | 12.00 – 12.30 |
8 | Түскі ас | 12.30 – 13.00 |
9 | Үйге қайту | 13.00 |
Балалар 4 топқа бөлінді.
І топ «Жұлдызша» 23 бала топ тәрбиешісі: Нарыбетова Н.С., ІІ топ «Күншуақ» 22 бала топ тәрбиешісі:Букирова Д.М. ІІІ топ «Балдырған» 23 бала топ жетекшісі:Қораласбаева М.А. ІV топ «Балдаурен»22 бала, топ жетекшісі: Кәдірбек М.Қ.
Жоспарға сәйкес 3 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Армысың, жарқын жаз!» атты ертеңгілік өтті. «Болашақ» лагерінің ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізіліп, «Халықаралық Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған іс- шараларды тамашалауға «Балалар мерекесі» атты көңілді ойындар өткізілді. Онда «Қырықаяқ», «Көгалдағы хоккей», «Әр заттың өз орны бар», «Солтүстік полюс» атты көңілді ойындар, түрлі массалық билер, ертегі кейіпкерлерінің қызықты қойылымдары өтті. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
Оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс - шаралар жан-жақты ұйымдастырылды.
«Ертегілер еліне саяхат» қазақ ертегілерін насихаттау жұмыстары жүргізілді. «Тазша бала», «Мақта қыз бен мысық», «Алтын сақа», «Алпамыс батыр», «Ер Төстік», «Қарлығаш» секілді тағы басқа ертегілер айтылып ортаға салынды. Балалар өз ойлары мен пікірлерін айтып, ертегі кейіпкерлерінің іс- әрекеттерін талқылады.
«Бәрін білгім келеді», «Кім не табар екен...» қазына іздеу ойыны ұйымдастырылды.
Ойынның мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.
Ойын 4 бөлімнен тұрды:
- Топтың атын табу
- «Тайпа басшыларымен би билеу»
- «Картаны құрастыру»
- «Жасырылған затты табу»
«Нұр-Сұлтан- менің болашақ тарихым» атты Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай сурет көрмесі өтті.
Екі топтың оқушылары да бұл сурет көрмесінде белсенділік танытты. Әр оқушы өз туындысын ойдағыдай жеткізді деген ойдамын. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жас ерекшелігіне байланысты сурет форматтары әр түрлі болды.
Қоршаған орта күні «Табиғатқа саяхат», Денсаулық күні «Ұлттық ойындар түрлерімен танысу» жұмыстары, «Жүйрік болсаң, жеңіп ал» спорттық жарыстар, «Ән- көңілдің ажары» атты көңілді кештер, ұлттық – танымдық тәрбие сағаттары демалушыларды өте қызықтырды.
Жазда балалар таза ауада көп серуендейді. Осыған орай «Көше ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағаты ойын-сайыс түрінде өткізілді. Онда балалар жолда жүру ережесін қайталап, топтық сайысқа түсті. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер сайыстары өткізілді.
4 маусым күні «ҚР Рәміздер күніне» арналған мерекеге байланысты оқушылармен танымдық тәрбие сағаты жүргізілді. Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың патриоттық сезімін ояту, отанды сүю, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Тәрбие сағаты Әнұранмен басталып, Ту мен Елтаңба бейнелерінің нені білдіретіні түсіндірілді. Сабақ соңында тақырыпқа байланысты сурет байқауы өтті.
Сонымен қатар, оқушыларды саябаққа, музейге алып барып, танымдық жұмыстары жүргізілді. «Туған өлке» бағдарламасы аясында, аты әйгілі Мойынқұм мақтанышы, екі мәрте социалистік Еңбек Ері атанған Жазылбек Қуанышбаев атамыздың музейіне экскурсия жасадық. Оқушылардың алған әсері өте керемет болды. Жаз атамыздың өмірі жайлы, ерен еңбегі туралы, жетістіктері, халық алдындағы абыройы мен құрметі жайлы балалар толық ақпарат ала алды.
Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Ойындар арасында мектеп медбикесі, мектеп психологы, тәлімгер, тәрбиешілер, дене шынықтыру мұғалімдері ат салысты. Мектеп медбикесі жеке бас тазалығына байланысты әңгімелер жүргізді, мектеп психологы оқушыларды тест, әңгімелесу және ойын арқылы балаларды бақылады. Мектеп тәлімгері оқушылармен таза ауада ойындар ойнап, би билеп, әр түрлі сайыстар жүргізіп отырды. Дене шынықтыру мұғалімдері спорттық іс-шаралар жүргізді. Күнделікті таңғы жаттығу флэшмоб музыкаларымен билеуден бастайды. Балаларға таңғы жаттығумен қоса таңғы ән, би көңілдерін көтеріп отырды.
Айта кету керек, лагерде үйірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырды. Мысалы, «Learn English» үйірмесі- жетекшісі Аширимбетова А.Н., «Ұлттық қозғалмалы ойындар» үйірмесі- жетекшісі Сырымбетов Р.К.
13 маусым I ауысымның жабылу салтанатына орай «Ән-көңілдің ажары» тақырыбы аясында «Жаз Ханзадасы мен Ханшайымы» сайысы өтті. Балалар үлкен қызығушылықпен, белсенділікпен өткен бұл іс-шараға 4 жұп қатысып, түрлі сынақтардан өтті. Жеңімпаз Үйсінәлі Бағлан мен Шаттан Іңкар жаз Ханзадасы мен Ханшайымы атанды.
Мектеп-лицей директоры: Ж.А.Аширимбетова
Орындаған: қосымша білім беру педагогы: Э.Д.Құтжанова