ЖИТС-ке қарсы күрес күні » Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі "М.Жұмабаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы білім бөлімінің
"М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2018

ЖИТС-ке қарсы күрес күні

М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде

15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес» күніне орай өткізілген іс-шаралардың

Есебі

М.Жұмабаев атындағы мектеп- лицейінде 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығыныда  «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес» күніне арналған айлық өтті. Осы іс-шара бойынша айлық жоспар құрылып, бекітілді. Оның мақсаты – білім алушылар ақпараттандыруды арттыру, АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелерін түсіндіру, профилактикалық бағдарламаларды қолдау, АИТВ/ ЖИТС-мен өмір сүретін адамдарға қатысты көрсеткіштерді төмендету.
 Айлық жоспарға сәйкес, 
«АИТВ/ЖИТС- балалардың көзімен»  тақырыбында 6-7 сыныптар арасында  қабырға газеттері  әзірленді. Оқушылар қабырға газеттері арқылы өз ойлары мен түсініктерін сипаттап көрсетті. 

Мектеп-лицей оқушыларының ЖИТС туралы қаншалықты ақпарат білетіндігін анықтау мақсатында, «Сіз ЖИТС туралы не білесіз?» тақырыбында 8-11 сынып оқөушыларынан тест тапсырмалары алдынды. Нәтижесіне келер болсақ, 65% оқушы бұл індет туралы хабары барын, қалай жұқтыруға болаты туралы білетіндерін көрсетті. 

23 қараша әлеуметтік педагог А.Жанатова 8 сынып оқушыларымен «ЖИТС-сіз болашақ!» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты- оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу ,  шылым шегудің, ішімдіктің , нашақорлықтың,ЖИТС -тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру. 

27.11.18-29.11.18 күндер аралығында дене шынықтыру мұғалімдері Темірбеков А., Сырымбетов Р. ұйымдастыруымен  7-8 сынып оқушылары арасында «Дені сау ұлт- ел болашағы» баскетболдан, Алдибеков Б., 

Шимпф В. 9-10 сынып оқушылары арасында «Белсенді өмір- жүз жастық ғұмыр»  атты жарыстар өткізді. Бұл жарыс оқушылардың белсенді қатысуымен, жоғары қызығушылық танытуымен ерекшеленді.

«Сенің таңдауың» ,  «Мен АИТВ/ЖИТС  туралы не білемін»  атты айлық барысында 5-11 сыныптарда тәрбие, сынып сағаттары өткізіліп, «ЖИТС- дегеніміз не?» тақырыбында диктант алынды. Тәрбие сағаттар  1желтоқсан Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күнініне орай өтіп отырғандығын атап өтті. Сабаққа денсаулыққа және зиянды әдеттерге байланысты нақыл сөздер, плакаттар, бейнетаспа қолданылды. Сабақтың соңында арақ, темекі, нашақорлыққа байланысты бейнетаспадағы фильмдер көрсетілді. Сайыскерлермен пікірталас жүргізілді. Оқушылар өз ойларын еркін ортаға сала білді.


Сонымен қатар, оқушылар ЖИТС туралы толыққанды ақпарат алуы үшін 8 сыныптарға  «ЖИТС туралы не білуіміз қажет?», 9 сынып оқушыларына «ЖИТС-тің шығу тарихы», 10 сынып оқушыларына «ЖИТС- ғасыр дерті» атты бейнероликтер ұсынылды. 

7 желтоқан күні мектеп кітапханашысы Қасымова Қ., Шнерр А. «ЖИТС-ке қарсы күрес » тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрмеге газет, журнал, бұрыштамалар қойылды. Оқушылардың білімдерін, білуге міндетті ақпараттарын тереңдету, нақтылау мақсатында ұйымдастырылған бұл көрме оқушыларға өз пайдасын тігізді деген ойдамыз.


Мектеп- лицей оқушыларының зиянды заттарды қолдануы қаншалықты деңгейде көрініс табатынын анықтау мақсатында  «Зиянды әдеттер»  тақырыбында 9-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнама 10 сұрақтан құралып, ішімдік, шылым шегу, есірткі туралы сұрақтар қамтылды. Нәтижесінде оқушылардың зиянды әдеттерден аулақ екендігін, салауатты өмір салтын ұстанатындығын анықтадық. 

«Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес» күніне арналған айлық соңында «ЖИТС- ғасыр дерті» тренинг-сабақ өтті. Айлық барысында алынған ақпараттар, хабарламалар, тәрбие сағаттары мен көрсетілген бейнефильмдердің қорытындысы ретінде өткен тренинг-сабақ барлығының түйінін қойды деп айтсақ болады.

Қорытындылай келе, қазіргі кезде дені сау салауатты азамат-азаматшалар тәрбиелеуде осы іс- шаралардың  мәні зор. Осы шараның арқасында көптеген жас ұрпақ ой түйіндеп, дұрыс жолмен жүруге бет бұрса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі - адам денсаулығы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырып отыр.
 Шара барысында оқушылар ЖИТС туралы статистикалық мәліметтер бойынша слайд, бейнеролик көрсетілді, көрнекілік құралдар таратылды, мағыналы кеңестер берілді. Оқушыларға қарастырылып отырылған мәселеге байланысты әр түрлі сұрақтар қойып, шараға белсенді ат салысты.
 
 
 

Похожие публикации:

24 январь 2019 Қамқорлық акция
01 март 2019 Адалдық алаңы
14 март 2019 Ғылыми жоба
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив