05
январь
2021
Педагогикалық кеңес
Педагогикалық кеңес, қаңтар айы
Тақырыбы: " Сабақта оқушы іс-әрекетінің мотивациясы және оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау"
Шешімі :
- І жартыжылдықта жоспарланған іс-шараның барлық түрі жүзеге асырылғандықтан педагогикалық ұжымның жұмысы «қанағаттанарлық» - деп бағалансын.
- ЕНТ-ға дайындық жұмыстары жүйелі жоспарланып, сынақ тест көрсеткіші төмен болғандықтан, дайындық жұмыстары күшейтілсін.
- 11 сынып оқушыларымен жеке, топтық жұмыстары жүйелі түрде , үздіксіз ЕНТ-ға дайындық жұмысын әлсіреткен төмендегі мұғалімдерге шара қолданылсын:
- физика пәнінің мұғалімі – Қораласбаева М.А.
- география пәнінің мұғалімі- Кәдірбек М.Қ
- биология пәнінің мұғалімі – Сариева А.Ж.
- химия пәнінің мұғалімі – Хмызенко Н.М.
- математика пәнінің мұғалімі – Амантаева Қ.Т.
- тарих пәнінің мұғалімі – Оспанова А.Ж.
- Сабақты зерттеу ( LS) қашықтан оқу жағдайында ұйымдастырылсын.
- Білім сапасын арттыру мақсатында сыныптарда сабақты зерттеу ( LS) жұмысы күшейтілсін.
- Сабақты зерттеу жұмысын ұйымдастыру : Амантаева Қ.Т, Жумашева Э.А., Туленова Ғ.Қ., Тлеумбетова Қ.У. жүктелінсін.
- ОЖСБ-ға дайындық жұмыстары бойынша әр пән бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен оқушыларға үнемі қолдау көрсетіліп, қосымша сабақ дайындық жұмыстары ұйымдастырылсын.
- Оқушылардың ата-аналарымен пән мұғалімі тығыз ынтымақтастықта болып, оқу сапасын арттыру жұмыстарына тікелей жауаптансын.
- Тәрбие саласы бойынша жылдық жоспарлардың іске асырылуы бойынша жұмысты жүйелі жалғастыру.
- Барлық сынып жетекшілер өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, өз оқушыларына да мұқият болуға дағдылансын.
- Психологиялық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында психо-профилактикалық бағыттағы жұмыстар жалғасын тапсын.
- Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен зорлық - зомбылықтың, заңсыз әрекеттердің болмауына ықпал жасалып, сынып жетекшілер , психолог және мектеп әкімшілігінң қатаң бақылауында болсын.
- Жұмыс күнінің мөлшерлі ұзақтығы алтыкүндік жұмыс күніне ауыстырылсын, бір демалыс күні (жексенбі) болып бекітілсін.
- 1-сынып жетекшілері оқушылардың мектепке бейімделуіне ата-аналарымен тығыз қарым-қатынас орнатсын.