М. Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде өткізілген жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының хаттамасы
М. Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде өткізілген жалпы мектепішілік
ата-аналар жиналысының
Хаттамасы
Мойынқұм ауылы 18 мамыр 2021 жыл
Күн тәртібінде:
1. Жазғы демалыста білім алушылардың қауіпсіздігі.
2. Сынып бөлмесінің тазалығына, әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізу туралы.
Тыңдалды :
1. Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие жұмысының орынбасары
А.Ж.Оспанова:
Жазғы демалысқа байланысты балаларға аса жауапкершілікпен қарап, жаздағы суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап ,балаларына жауапты екендіктерін айтты.
Ата –аналар комитетінің мүшесі Қалымбетова Қарлығаш:
Жазғы демалыс кезінде балалардың өмір қауіпсіздігіне, ата-аналар өз жауапкершілігіне алатының айтты.
2.Екінші мәселе бойынша ата –аналар комитетінің мүшесі Базылбекова Толқын сөз алып сөйледі:
Сөз алушы өз сөзінеде осы жылдың жазғы уақытта, сыныпты әктеу,сырлау жұмыстарына өз тарапымыздан бірауыздан көмек береміз деп келісіп отырмыз.Өйткені осы мектептен білім алып алып,тәрбиеленіп отырғандықтан, олардың таза, қолайлы сыныптың болуына жағдай жасалғаны дұрыс деп есептейміз.
Ата –аналар комитетінің мүшесі Ережепбаева Гулжан:
Бұл ұсынысты қолдаймын, балалар таза жерде білім алғаны дұрыс. Спонсырлық көмек көрсетүге дайынбыз, келісеміз.
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы шешім қабылдады:
1.Оқушылардың жазғы демалыс кезінде балалардан өз жауапкершілігіне алып,қауіпсіздік ережелерін сақтау ата – аналарға жүктелді. Ата – аналарсыз балаларға суға шомылуға рұқсат етілмесін.
2.Сыныптың әктеу, сырлау жұмыстарын ата – аналар тарапына көмек беруіне бірауыздан келісім жасалды.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Алипбеков У.Е.
Хатшы: А.Б.Қалымбетова
Барлық жиналған ақша - 16000 тенге, алынған заттар:
1.ақ краска – 3 банка
2.қара краска – 2 банка
3.қоңыр краска плинтусқа – 1 банка
4.әк – 6 кг
5.щетка – 4
6.ерткіш – 2 банка