Біз туралы » Страница 2 » Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі "М.Жұмабаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Мойынқұм ауданы білім бөлімінің
"М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Күнтізбе құпиялары
17
октябрь
2023
Күнтізбе құпиялары
Қазақ тілі мен әдебиеті сыбының 9 А сынып оқушыларымен Умирова Гүлназ Сабитхановна "Күнтізбе құпиялары" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында "Ой шақыру", "Төрт сөйлем", "Өзіндік ойды қорыту" әдістері қолданылды. Сонымен қатар, мидың екі жақты ойларын дамыту арқылы сергіту сәтін жасады.  Сабақтың тақырыбына сай Абай Құнанбаевтың төрт жыл мезгіліне байланысты өлеңдеріне тапсырмалар беріліп, " Табыс сатысы" арқылы оқушылар әр тапсырмаға берілген балл бойынша өздерін бағалап отырды.
"Даналық мектебі " клубы құрылды.
16
октябрь
2023
"Даналық мектебі " клубы құрылды.
15.10.2023 жылы мектепте  ата  -аналарды педагогикалық қолдау орталығы (заңды өкілдері) "Даналық мектебі " клубы құрылды. Осы орталықтың қызметі балалардың қауіпсіздігін, денсаулығы және психологиялық әл-ауқатын және де ата -аналардың оң-көзқарастарын мәдениет жағын арттыру, сонымен қатар ата-аналардың құндылықтары мен тәрбие үлгілерін таңдау және жауапкершілігін арттыру, әрбір баланың физикалық, зияткерлік және әлеуметтік -эмоционалдық даму үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.
Кенгуру- математика барлығы үшін
13
октябрь
2023
Кенгуру- математика барлығы үшін
М.Жұмабаев атындағы мектеп- лицейінде 2023 жылдың қыркүйек айында 2-4 бастауыш сынып білім алушылар арасында "Кенгуру- математика барлығы үшін" республикалық интелектуалдық ойын- конкурсы өтті, жүлделі орын алған білім алушылар марапатталды.
Оқушыларға мектепте ұялы телефон ұстауға рұқсат беру керек пе?
13
октябрь
2023
Оқушыларға мектепте ұялы телефон ұстауға рұқсат беру керек пе?
М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде қыркүйек айының 25 жұлдызында 8 сынып білім алушыларымен "Оқушыларға мектепте ұялы телефон ұстауға рұқсат беру керек пе?" тақырыбында АПФ форматында пікірсайыс өткізілді.Білім алушылар белсенді түрде өз көзқарастарын қорғап мәселені талқылады. Жетекшісі :Жунисбекова Ғ.О.
Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым
13
октябрь
2023
Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым
2023 жылдың 02-27 қазан аралығында "Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің айлығы өтуде.  Мақсаты: Халқымыздың бір туар перзенттері қазақ әдебиетінің алыптары С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров өмірі мен шығармаларын дәріптеу, жас ұрпақтың ұлыларға деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлылардың қаламынан туған шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу.
Алтын сақа
09
октябрь
2023
Алтын сақа
6 қазан күні М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде 3-4 сынып оқушылар арасында мектепшілік " Алтын сақа" математикалық олимпиадасы өткізілді. Байқауға математика пәніне қызығушылық танытқан 27 оқушы қатысып, бақ сынасты. Жоғары балл жинаған білім алушылар 3- сынып білім алушылары Әбдікерім Шерхан, Марат Жантөре, Маратбекқызы Інжу, Қуаныш Жания, Әбжапар Айлуна, Асылхан Алижан 4- сынып білім алушылары Сейсенқұл Еңлік, Шахарбай Сұлтан, Мейрхан Айару, Алтынбек Алижан, Болысбай Айзере, Шерхан
Ұстаздар күні
06
октябрь
2023
Ұстаздар күні
М. Жұмабаев атындағы 4 қазан күні дене шынықтыру пәнінің нұсқаушысы Нұрділдә Әбдінұрдың ұйымдастыруымен мектеп-лицей педагогтері арасында волейболдан жарыс өтті. Қызықты та тартысты ойын нәтижесінде «Қыран» командасы жүлделі 1 орын иеленіп, мектеп-лицей директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары арнайы марапаттарын табыстады.   #волейбол #ұстаздаркүні
'Оқуға құштар мектеп' "Ертегі оқимыз"
03
октябрь
2023
'Оқуға құштар мектеп' "Ертегі оқимыз"
М.Жұмабаев мектеп-лицей кітапханасында 'Оқуға құштар мектеп' жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларымен "Ертегі оқимыз" айдарымен кітапхана меңгерушісі Қасымова.Қ. ертегі оқып беріп,түсініктерін сұрады
1 қазан-Қарттар күні
03
октябрь
2023
1 қазан-Қарттар күні
Қарттарым -асыл қазынам ! Жұмабаев атындағы мектеп -лицейінің белсенді жасұландары 1 қазан-Қарттар күніне орай "Қайырымдылық -қайырлы іс " тақырыбы аясында мектебіміздің ардагер ұстазы Райкуль Оспанованың отбасына 7 сынып оқушылары көмектерін көрсетіп ,ауладағы жұмыстарына қолғабыс болып , сый-құрметтерін көрсетті.
Жолда жүру ережесін сақтаймыз
02
октябрь
2023
Жолда жүру ережесін сақтаймыз
М.Жұмабаев атындағы мектеп- лицейінде бастауыш сыныптар арасында "Жолда жүру ережесін сақтаймыз" тақырыбында білім алушыларды жолда жүру ережелері жайлы білімдерін кеңейте отырып, білім алушылардың мектепке баратын, мектепте қайтатын жолдарында қауіпсіз жүріп тұруларына жағдай жасап, жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тәрбие сағаттары өтті.