"Даналық мектебі " клубы құрылды.
15.10.2023 жылы мектепте ата -аналарды педагогикалық қолдау орталығы (заңды өкілдері) "Даналық мектебі " клубы құрылды. Осы орталықтың қызметі балалардың қауіпсіздігін, денсаулығы және психологиялық әл-ауқатын және де ата -аналардың оң-көзқарастарын мәдениет жағын арттыру, сонымен қатар ата-аналардың құндылықтары мен тәрбие үлгілерін таңдау және жауапкершілігін арттыру, әрбір баланың физикалық, зияткерлік және әлеуметтік -эмоционалдық даму үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.
Орталықтың қызметі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата -аналардың және басқада заңды өкілдерінің құзіреттерін қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатта ата -аналар интерактивті қарым -қатынас дағдыларын алады, баланың эмоционалды жағдайын түсінуді үйренеді, бұл балалар мен ата -ана арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы, балаларға қатысты қылмыс, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық (қорқыту, кибербуллинг және т.б) деген күрделі мәселені шешуге көмектеседі.
#тәрбиеісі#мектептегітәрбие