"Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінг » Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі "М.Жұмабаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы білім бөлімінің
"М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінг
09
декабрь
2019

"Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінг

"Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 16838 болып тіркелді
• Мәтін
• Ресми жарияланым
• Ақпарат
• Өзгерістер тарихы
• Сілтемелер
• Көшіру
• Басқа
БҰЙЫРАМЫН:
1. " Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламалары және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 152 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 83 бұйрығымен бекітілген
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламалары және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің беру бағдарламаларын және арнайы білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын айқындайды.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – республикалық апеляциялық комиссия) және тестілеуді өткізу пунктіндегі апеляциялық комиссия - педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың ұлттық біліктілік тестілеу нәтижелерімен келіспеу кездерінде даулы мәселелер бойынша шешім қабылдайтын, білім беру саласындағы уәкілетті орган мен облыстың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органы құратын комиссиялар;
2) аттестаттау кезеңі – аттестаттау аралығындағы кезең;
3) аттестаттау комиссиясы – аттестаттау рәсімін өткізуге уәкілетті алқалы орган;
4) біліктілік санаты – осы Қағидалармен айқындалатын біліктілік талаптарына сай келетін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілік деңгейі;
5) біліктілік тестілеуі – білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін айқындауға бағытталған рәсім;
Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайтын ұйым ұйымдастырады және өткізеді.
6) кезекті аттестаттау – әр бес жыл өткен сайын педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын беру (растау) үшін мерзімді жүзеге асырылатын рәсім;
7) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық қорытындылау – келесі көрсеткіштер негізінде педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыретін жүйелі, бірізді және объективті зерделеу: білім алушылардың (тәрбиеленушілер) білім сапасы, іскерлігі мен дағдылары, жетістіктері, сабақ беру (тәрбие беру және оқыту) сапасы және аттестаттау кезеңіндегі кәсіби жетістіктері;
8) мерзімінен бұрын аттестаттау – кезекті аттестаттау мерзімі басталғанға дейін біліктілік санатын алу үшін үміткер, педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың өз еркімен жазған өтініші негізінде өткізілетін рәсім;
9) пәндік олимпиадалар, шығармашылық, кәсіби конкурстар, ғылыми, спорттық жарыстар – білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізімге енгізілетін іс-шаралар;
10) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар – "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымды атқаратын тұлғалар;
11) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау – педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби қызметті орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттілігін белгілейтін, біліктілік санаттарын (растау) беру бойынша бірізді әрекеттердің тәртібі;
12) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілігін арттыру – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен оқыту мен сабақ беру сапасын арттыру үшін кәсіби білімін, іскерлігін, дағдыларын және құзыреттілігін жаңартуға, сондай-ақ бұрын алғандарын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін оқыту;
13) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың портфолиосы – қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық қорытындылау материалдары;
14) сараптамалық кеңес – аттестаттау комиссиясының қарауы үшін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық қорытындылау бойынша қорытынды жасайтын және дайындайтын жұмыс органы.
15) CEFR (Common European Framework of Reference, шет тілді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреті) – тіл білу деңгейін сипаттау үшін қолданылатын халықаралық стандарт;
16) ұлттық біліктілік тестілеуі – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым әзірлеген тестілер бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін айқындауға бағытталған рәсім.
Педагог қызметкерлердің ұлттық біліктілік тестілеуін білім беру саласындағы өкілетті орган айқындайтын ұйым ұйымдастырады және өткізеді.
2. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиялары құрылады: білім беру ұйымындарында, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінде, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органда (республикалық ведомостволық бағынысты ұйымдар үшін) тиісті саланың уәкілетті органдарында.
Аттестаттау комиссиясының құрамы білім беру ұйымының, білім бөлімінің қалалық/аудандық, білім басқармасының, мемлекеттік органның басшысының бұйрығымен бекітіледі.
3. Аттестаттау комиссиясының мүшелері тақ саннан құралады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы мен төраға орынбасары комиссия мүшелерінің арасынан таңдалады. Хатшы аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.
4. Аттестаттау комиссиясының құрамына тәжірибелі педагогтер, әдіскерлер, ғылыми-педагогикалық кеңестердің, оқу-әдістемелік бірлестіктердің, біліктілікті арттыру институттарының, қоғамдық және қоғамдық емес ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері, білім беруді басқару органдарының, кадр қызметінің мамандары, өндірістік бірлестіктердің, Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ҚР "Атамекен" ҰКП) өкілдері (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін), мамандары кіреді.

Похожие публикации:

21 апрель 2019 Телнұсқа
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив