«Қазіргі жастар патриот па?»
М. Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде наурыз айының 4-ші жұлдызында 9-8 сыныптар арасында (қазақ тілінде) «Қазіргі жастар патриот па?» атты пікірсайыс турнирі АПФ форматында өткізілді. Пікірсайыста қатысушылар барынша өз позицияларын қорғап, өзекті мәселелерді талдай білді. 8 сынып оқушысы Мырзалы Ғайни, 9 сынып оқушысы Досымхан Аружан ерекше белсенділік көрсетіп, ойларын нақты айқындай білді. Жетекшісі: Нуркеева. Г. Ө.