Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің айлығы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің айлығы аясында қаңтар айының 16 күні 4-7 сынып оқушыларының қатысуымен "Мысалмен айтқан көп ойлар" Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары бойынша сахналық қойылымдар байқауы (Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай) өтті. Мақсаты: азаттық таңын аңсаған Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының асқар тұлғасы туралы кеңінен мәлімет беру, өмір сүрген қоғамдық-әлеуметтік кезеңімен таныстыру. Оқушылардың ой-өрісін дамыту. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарынан оқушылардың орындауында мынадай көріністерді тамашалады. "Шымшық пен көгершін", «Егіннің бастары», «Қасқыр мен қозы»,
«Аққу, Шортан һәм Шаян», «Айна мен маймыл», «Жас ағаш», «Есек пен бұлбұл», «Өгіз бен бақа», «Қарға мен түлкі», «Қасқыр мен мысық», «Қартайған арыстан». Дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері. Жауаптылар: Құтжанова Э.Д., Бекбенбетова А.С., Жунисбекова Г.О.