23
январь
2023
Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша ісшара
Аудан прокуратурасы Мойынқұм ауданы аумағында 2022 жылы және ағымдағы жылдың өткен мерзімінде құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша уәкілетті және құзырлы органдармен қабылдап жатқан шараларының тиімділігі бойынша мәжіліс өткізді.
Аталған мәжіліске аудан әкімдігі, полиция бөлімі, білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары мен психологтар және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша уәкілетті органдардың атқарылған жұмыстары бойынша есептері тыңдалып, мәжіліс қорытындысымен аудан прокуроры И.Тойшыбеков құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жұмысты күшейту қажеттілігін айтып, бірқатар тапсырмалар берді.