Менің-Отаным Қазақстан атты мақалалар шеруі » Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі "М.Жұмабаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы білім бөлімінің
"М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2020

Менің-Отаным Қазақстан атты мақалалар шеруі

Менің-Отаным Қазақстан

     Менің-Отаным Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталған тарихы бар, аса бай ел. Қазақ елі-ержүрек, достыққа адал, бауырмал,  қонақжай халық. Ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Мемлекетіміз көп ұлтты болып саналады. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отанын  жанындай жақсы көреді, сүйеді, көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

       Қазақстан-көпұлтты,унитарлы,тәуелсіз мемлекет. Әлем таныған Отанымызда жүз отыздан аса ұлт өкілдері бір үйдің баласындай достық  пен татулықта,жарасымды өмір сүруде. Біз ынтымағы жарасқан елміз.

      Отанымыздың аспаны ашық, әр таңы  арайлы, болашағы нұрлы болса екен деймін. Келешекте бейбіт күннің бетін бұлт баспасын,барлық әлемде бейбітшілік болсын. Мен қазақпын! Қазақ жерінде, елінде туылдым. Соны мақтан етемін. Отанымды сүйемін. Менің-Отаным Қазақстан.

                                                                                         Әлімбек Рабиға 8 ә сынып

 

Менің-Отаным Қазақстан

    Қазақстан-кең байтақ ел. Төбесі көкке тірелген ел. Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлар бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар.

    Қазақстан-әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан-жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар, достығы жарасқан көп ұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.

   Туған жер-адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткен мен болашағы байланыстырады. Міне сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ ауамен отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады. Туған жер, туған көше, туған аудан. Менің отаным кішкентай болсада мен үшін туған жер Мойынқұм ауданынан басталады. Мен өз туып өскен жерімді жақсы көрем.

Жагыпар Диляра 8 ә сынып
















                                                      Менің-Отаным Қазақстан

    Мен тәуелсіз елдің ұланы болғаныма шексіз қуанамын. Менің Отаным-Қазақстанды бүгінде әлем таныды. Отан деген кең байтақ жерің, орман-тауың, ауылың ата-анаң, отбасың. Отан-әрбір адамның киелі мекені. Менің де өз отаныма пайдам тиіп жатса, одан асқан бақыт бар ма? Қазақ батырлары мен баһадүрлері, кешегі Бауыржан, Әлия, Мәншүк, Қайрат, Ләззәт сынды аға-апаларымыз ел үшін қанын төкті. Ортақ үй-Отанымыздың желегін от шалмасын деді, Абай, Жамбыл аталарымыз  халықтың мұң-мұқтажын жырға қосты.Алдағы жылда   Қазақстан көп жеңіске жетті.мысалы: Димаш Құджайберген өзіінң зор  дауысымен бүкіл әлемді тамсандырды, 2018 жылы  EXPO біздің елде өтті. Мен өз еліммен мақтанамын.

Шахарбай Абдурахим 8 ә сынып



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив