Вакансия
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданы білім бөлімі отдела образования Мойынкумского района" КММ КОНКУРС жариялайды:
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz " сайтына жарияланды
Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос орындарға жүргізіледі:
Тәлімгер 1 бірлік (тұрақты)
Менеджер 1 бірлік (уақытша)
Психолог 0.5 бірлік (уақытша)
Қосымша білім беру 1 бірлік (уақытша) құжаттардың көшірмелері
Мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізеді.
Конкурс өткізілетін орын:"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданы білім бөлімі отдела образования Мойынкумского района" КММ ғимараты. Анықтама үшін байланыс телефоны : 2-45-78, + 77073676365.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі :
1) конкурсқа қатысу өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін құжаттың растайтын көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) 16- қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.