ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУІН ТЕКСЕРУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРАША АЙЫ » Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі "М.Жұмабаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы білім бөлімінің
"М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУІН ТЕКСЕРУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРАША АЙЫ
11
ноябрь
2022

ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУІН ТЕКСЕРУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРАША АЙЫ

М. Жұмабаев атындағы мектеп-лицей директорының №15 бұйрығына сәйкес, жекелеген санаттағы білім алушыларды тегін бір мезгілдік ыстық тамақпен қамту жұмыстары ұйымдастырылған. 1-11 сынып аралығында барлығы 109 білім алушы ыстық тамақпен қамтылған. Оның ішінде 1 санат-11 білім алушы, 2 санат-71 білім алушы, 3 санат-1 білім алушы, 5 санат- 26 білім алушы. 

Білім алушылардың асханадағы уақытылы тамақтануы мен тамақ өнімдерінің сапалығы, өнімдердің тасымалдануы мен тағамдарды дайындау технологиясы, тоңазытқыштағы тағамдардың жарамдылығына, өнімдердің сақталу мерзімдерін, қажетті ережелердің орындалуын қадағалау үшін мектеп әкімшілігі тарапынан бақылау комиссиясы мен бракеражды комиссия құрылып, асхана жұмысын үнемі қадағалауда ұстайды. Бракеражды комиссия құрамы төмендегідей:

1.      Аширимбетова Ж.А. – бракеражды комиссия  төрайымы

2.      Оспанова А.Ж.- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

3.      Сеңгірбаева  Ж.- Қамқоршылық кеңес төрағасы 

4.      Стамкулова  Г.Н – ата-ана 

5.      Усубалиева Г.А- мектеп-лицей медбикесі

6.      Абдыкурманова А.Е. – ата – ана

7.      Нағашыбаева С.К.- әлеуметтік педагог


Білім алушыларға берілетін асты  ас мәзіріне сай  және мемлекеттік санитарлық- эпидемиялық қадағалау комитетінің бұйрығымен бекітілген ұсынымдарға сәйкес дайындалуымен асхананың тазалығына, ас үй жұмысшыларының тазалығын, дайын болған асты білім алушыларға ұсыну  мектеп-лицей медбикесінің қатаң бақылауында.  Медицина қызметкері тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.

Күн сайын тамақ ішетін залда мектеп-лицей директорының бекіткен мәзірі ілінген,  онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келеді. Сапа сертификаттары бар, өнімнің жарамдылық мерзімі сақталған. Асхана кестесі және сынып бойынша тамақтану кестесі бар.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы 2018 жылғы 23 сәуір №186 бұйрығының 50-тармағына сәйкес, барлық ыдыстар мен шкафтар, ас өнімдерін өңдеуге арналған столдар  таңбаланған.

Мектеп-лицей асханасы таза және жайлы. Санитарлық жағдайы нормаларға сәйкес келеді.  Азық-түлікті сақтаудың температуралық режимі сақталады.  Құжаттама тәртіппен. Күн сайын бракераж журналы жүргізіледі. Өнімдерді сақтау санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Ас блогы персоналының медициналық кітапшалары нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келеді. Асханада ата-аналардың ұсыныстары мен шағымдарына арналған журнал ілініп тұр.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив