2025 жылдың 26-ақпан күні М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай «Ардақтайық ардагерлерді» тақырыбында мектебіміздің ардагер ұстаздарымен кездесу ұйымдастырылды. Ұстаздарымыздың ғұмыр бойы жасаған еңбектеріне сый-құрмет көрсету мақсатында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ардагер ұстаздармен еңбек жолы жайында сұхбат жүргізді.