Орта білім берудің үздік ұйымы
2022-2023 оқу жылы М. Жұмабаев атындағы мектеп-лицейі Жамбыл облысы бойынша, "Орта білім берудің үздік ұйымы" грантын ұтып алуға арналған жыл сайынғы облыстық кезеңіне құжаттарын тапсырып, күш сынасты. Байқау барысында облыс бойынша 100-ден аса білім беру ұйымы қатысып, Қазақстандық білім берудің бәсекеге қабілетін қамтамасыз еті және жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қатысушылар бекітілген критерийлер бойынша іріктелді. Жеңімпаз, үздік ұйым анықталды. Осындай үлкен додаға қатысып, Мойынқұм аудан мектептері арасында бұрын-соңды болмаған жетістікке М. Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің ұйымы қол жеткізді. Мектеп-лицей директоры Ж.А. Аширимбетова бастаған топ "Best әдістемелік алаң" номинациясын иеленіп 500 000 (бес жүз) мың теңгенің сертификатын иеленді. Мектептің материалдық базасын жақсартуға мектеп ұжымы үшін мол табыс болмақ.