20
October
2022
Мектептегі бір күн!
2022 жылдың 20 қазанында Мойынқұм аудандық білім бөлімінің басшысы Ж. С. Жазықбаев мектептің бір күндік тыныс- тіршілігімен танысып шықты. Атап айтар болсақ: асхананың жұмысы; сабақ кестесі бойынша 8"А" сыныбында алгебра пәніне, пән мұғалімі Қ. Т. Амантаева, 9"Ә" сыныбында Дүние жүзі тарихы пәні мұғалімі Г. К. Сарсенбаева сабақтарына қатысты; 11"А"сыныбының білім алушыларымен кездесіп, UNT, болашақта таңдайтын мамандықтары жөнінде ой- пікірлерімен бөлісті. "Ынтымақ" шаңырағының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан "Менің отаным- Қазақстан" тақырыбындағы Республика күніне орай өткізілетін іс-шаралармен, кітап, музыкалық аспаптар, сурет көрмелерімен танысып шықты.