"Қазақ тілі мәртебесі өз дәрежесінде ме?" тақырыбында дебат өткізілді.
"Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің айлығы" аясында мектебімізде 10 «А» сынып оқушылары арасында
"Қазақ тілі мәртебесі өз дәрежесінде ме?" тақырыбында дебат өткізілді. Пән мұғалімі: Жумашева Эльмира Алихановна.
Мақсаты: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіндегі қызметіне оқушылардың көзқарасымен баға беру. Оқушылардың келелі саяси мәселелерге өзіндік үн қоса алуына жол ашу. Өз пікірін жасқанбай айта білуге үйрету.
Қазақ тілінің әлі де болса толыққанды мемлекеттік тілге айнала қоймағандығын нақты дәлелдер келтіре отырып дәлелдеу.
Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі бүгінгі күнде өз биігіне лайық деген көзқарасты қуаттап, пікірлерін дәлелдеу.
Қарама-қарсы екі пікірді қолдап, қуаттап өз ойын ортаға салушы екі топ:
«Ақиқат» және «Парасат».
«Ақиқат» тобының ұстанатын ұстанымы:
«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесіне лайық»
«Парасат» тобының ұстанатын ұстанымы
«Қазақ тілі әлі де болса толыққанды мемлекеттік тілге айнала қойған жоқ».
Қорытынды:
Қазіргі жастарымыз заманауи талабына сай білімді де, білікті болуы тиіс әйтсе де
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте – деп Қадыр Мырза Әлі ақын ағамыз айтқандай жалпы қоғамымыз ана тілін анасындай қорғап қастерлеуі тиіс. Екі топта өз ойларын ортаға салды.