Қамқорлық акция
М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде 2018-2019 оқу жылының
10 қаңтар – 10 ақпан аралығында Республикалық «Қамқорлық» акциясының қорытынды
ЕСЕБІ
10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында М. Жұмабаев атындағы мектеп- лицейде дәстүрлі түрде өткізілетін республикалық «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға сәйкес іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді.
Акцияның мақсаты- әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.
Акцияның міндетіне келер болсақ, мектеп жасындағы балалардың оқуды тоқтатуға немесе олардың ұзақ уақыт сабаққа бармауына жағдай туғызған себептерді анықтау, дәлелсіз себептер бойынша сабаққа келмеуді алдын алу, сондай-ақ, материалдық жағдайы төмен отбасыларда тұрып жатқан балалардың өмір сапасын жақсарту, жұртшылықты аз қамтылған және тұрмысы қолайсыз отбасыларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайрымдылық қызметпен айналысуға тарту болды.
Жоғарыда аталған мақсат, міндеттерді негізге ала отырып, іс-шара жоспарын құрылды. Атап айтар болсақ, акцияның алғашқы күндерінде мектеп- лицей мұғалімдері мен оқушыларын акцияның мақсат, міндеттерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, мекеме басшыларына кәсіподақ комитетіне акцияға қатысу үшін арнайы «Қайырымдылық- жылы жүректен» атты хат жолданды.
5-11 сынып оқушыларына «Жақсылық- жан азығы», «Мейірімге толы жүрегіміз», «Қамқор жүрек» атты тәрбие сағаттары жүргізілді.
Акция барысында қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында әлеуметтік педагог, педагог- психолог, сынып жетекшілер рейд жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген рейд қорытындысы бойынша көмек қажет ететін отбасылар тізімі жасалынды.
Мектеп-лицей жанынан құрылған «Қамқоршылық және қорғаншылық» кеңестің басқаруымен 4 ақпан күні «Қамқорлық- менен және сенен басталады!» атты жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге 5-10 сынып оқушылары белсенді қатысты. Әр сынып тәтті тағамдарын дайындап, жәрмеңкеде сатты.
Үлкен қызығушылықпен, жауапкершілікпен өткен жәрмеңкеден түскен қаражат аз қамтылған, тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға жұмсалды. Атап айтап болсақ, 5 «Ә» сынып оқушысы Еркебұлан Қуанышқа кроссовки, 7 «Б» сынып оқушысыКузнецова Арианаға қыстық етік, 5 «В» сынып оқушысы Лес Абдусаматқа оқуға қажетті құрал- жабдықтар, 5 «Б» сынып оқушы Жапар Жанеркеге қыстық куртка, 7 «Ә» сынып оқушысы Амантай Темірланға сәнде жейде,
8 «Б» сынып оқушысы Ербота Дианаға сумка табыс етілді және мектеп-лицей директоры мен мұғалімдерінің көмегімен 8 «Ә» сынып оқушысы Болат Дәулетке қыстық етік алынды, Қожамұратов Шыңғысқа азық- түлік алып бердік.
Еліміздің келешегі тәрбиелі, білімді ұрпаққа байланысты болғандықтан, қамқоршысы жоқ, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларының білім алуына мүмкіндік жасап, қоғамға пайдасын тигізетін азаматтар тәрбиелеу баршаға ортақ іс.
Әлеуметтік педагог: А.Ж. Жанатова