18
July
2022
Ата-аналар назарына!!!
Ата-аналар назарына 1-сыныпқа құжат қабылдау 1- тамыз күні аяқталатынын ескертеміз!
2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап жүзеге асырылады.
Өтініштер EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін қабылданады.
Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйек айы жағдайына толық 6 жасқа толған болса, барлық балалар қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
• Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);
• 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
• 3*4 2 фотосурет.